Стив Джобс – Apple компаниясын құрушы
Бұл материалды автор өзінің "Ақпараттық технология әлемінің алпауыттары" кітабынан алып, жариялап отыр. IT әлемінің басқа да мықтылары жайлы білгіңіз келсе, Сіздерді it-mbeks.ru сайтын қарауды ұсынамын.
Джобс Стивен (Jovs Steben) 1955 жылы Калифорния штатының Маунтин-Вью қаласында дүниеге келген. Компьютерлер саласындағы америкалық ірі кәсіпкер, Apple компаниясын құрушының бірі және оның директорлар кеңесінің төрағасы. Онымен қоса, ол NeXT Software компаниясының да құрылтайшысының бірі, Pixar Animation Studios компаниясының да төрағасы әрі атқарушы бас директоры болып істеген.
Өмірлік демі 2011 жылғы қазан айының 5-де үзілді.
Apple компаниясын құрған және ондаған жылдар бойы соның ұраны болған Стив Джобстың өмірден озуы жайлы хабар компьютер әлемінің жаңалықтарынан сырт жүрген адамдардың өзін бей-жай қалдырмады. Адамзат 2011 жылдың 5 қазанындағы қайғылы жағдайдан соң ғана пәни дүниеге қазіргі заманның ғұламаларының бірі аттанғандығын сезді. Өзі өмір сүрген кезеңде Джобс әлем үшін басқа қандай да бір адам: не ғалым, не актер, не саясатшы бәсекелесе алмайтын соншама көп нәрсе жасағаны ақиқат еді. Сонда бұл «джинс киген жын» - ғұламаның құпиясы неде?
Бұл өзін-өзі жетілдірудің нәтижесі ме немесе сәтті әрекеттердің үйлесімі ме?
Әлде мұнда ешқандай да құпия жоқ па екен?
Қазір Стив Джобстың атына әрдайым «ғұлама» эпитеті тіркеліп айтылып жүр. Әйтсе де осы сөздің өзі оның табиғатын толық бейнелеп тұрған жоқ.
Ол үшін миллиондаған адамдардың өмір салтын түбірімен өзгерту тіпті де қиын болмады. Міне осы жағдайлар адамдар өмірін Джобс әуелі Macintosh-ты, сонан соң NeXT және iMac-ты, содан кейінгі iPod, iPone мен iPad-ты өмірге келтірген кезде тіпті басқаша өзгеріске ұшырады.
Джобстың есімі 230-дан астам патенттер мен авторлық куәліктерде жазылып тұрғанмен, ол ешқандай да өнертапқыш болған емес. Оның жылт еткен кейде ақылға қона қоймайтын идеяларды танып біліп, оларды жүзеге асырудағы таланты ерекше болатын. Ол туралы Apple-ді бірге қалаған досы Стив Возняк: «ол өзінің бүкіл адамзатты соңынан ертетіндігіне үнемі сенген еді»,-дейді.