https://youtu.be/iTeqYEG2-Vw Қарап тұрсам бүкіл алматыда сапалы дұрыс жасалған ұлттық аспаптар дүкені жоқ екен. Осыдан бір жыл бұрын кәсіптегі және өмірдегі ұстаздарымның бірі Ахметбек ағамның идеясымен осы істі қолға алуды жөн көрдім. Сонымен ұлттық аспаптар іздену барысында бір Алматының өзінде 30 дан аса шебермен таныстым, таныса алмағандырым қаншама), өткенде "Аңыз домбыра" шеберлер сайысына Қазақстаннан бөлек басқа елдендерденде бас аяғы 80 нен аса шеберлер қатысты. Бұл әрине қуантарлық жағдай, ұлттық құндылықтарымызға деген сұраныстың артып келе жатқанының белгісі. Қазір қоғамда мынандай проблема көп кездеседі, жақсы шеберлер сапалы домбыраларын немесе аспаптарын тұтынушыға дұрыс жеткізе алмайды, ал сапалы домбыра іздеген тұтынушы жақсы шеберлерді таба алмайды, сонымен тұтынушы амалсыз базарларда,ы арзан қолды жасалу ережесіне сай жасалмаған домбыраларды алып жатады, натижесінде домбыраның қадір қасиетіне, негізгі болмысына кесірін тигізіп жатады. Осы проблеманы барынша шешу мақсатында ұлттық аспаптар дүкенін ашып жүргізіп жатқан жайымыз бар. Қазіргі таңда сапалы домбыра іздеген жұот бізді кез келген әлеуметтік желілерден іздеп тауып келіп сапалы аспаптарға қол жеткізіп жатыр. осы бір жыл аралығында Қытай және Еуропа Турция елдеріне біздің дүнйелеріміз жеткізіліп, ұлттық аспаптарды қастерлейтін жандарға қуаныш сыйлап жатқан жайымыз бар) http://dombra-sapa.kz/ https://www.instagram.com/p/BLdhLFdhQzk

Теги других блогов: қазақстан домбыра аспап