😱 ❓ОСЫДАН ТӨРТ ЖЫЛ БҰРЫН БИЗНЕСТЕН ЕШ ХАБАРЫ ЖОҚ ЖІГІТ ҚАЗІРГІ ТАҢДА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БЕЛГІЛІ КОМПАНИЯНЫҢ ҚАЛАЙ БАСҚАРУШЫСЫ БОЛДЫ?
Жазбам ұзақтау, бірақ оқығанға ой салады деп ойлаймын. Және соңында сыйлыққа ие болуға да мүмкіндіңіз бар!)
Мұнай-газ саласында табысты жұмыс жасап жүрдім, бірақ жұмысым өзіме ұнамайтын. Мен жұмысымның плюс, минусын салыстырдым. Плюстері: табысы жақсы, тұрақты, өсу бар, ал минусына келетін болсақ: вахтада уақытылы үйден алыс жүру, денсаулыққа зиянды химикаттар , жер астынан шығатын газдар, той-мерекелерден қалып қою, ертең үйленгеннен кейінгі жағдайды айтпасам да түсінікті, жүректе тыныштық болмайды. Салыстырған соң ойланып, кәсіп бастау керек деген шешімге келдім. Іздене бизнес жайлы кітаптар, аудиокітаптар, лекциялар, тренингтер көре бастадым, материалдардың барлығы орысша болды. Бір күні "қазақша бизнес жайлы ақпарат жоқ па сонда?" деген сұрақ туып, интернеттен біраз ізденіп қарадым. Бірінші көрген видео - Ахметбек ағаның видеосы болды. Ол уақытта Бизнес Бастаудың әлі құрылмаған кезі. Бірақ ағай еріктілерге сапалы қазақ қоғамын құру максатында тегін сабақтар өткізіп жүр екен. Соны бір кісі әуесқой камерамен түсіріп, ютубқа салған екен. Ол видеода кәсіпті барынша ерте, дұрыс таңдау жайлы айтылған. Бірақ жұмыстан шығуға нақты шешім қабылдай алмай жүрдім. Тек қана менде емес, көп адамда сондай проблема бар, келіссеңіз. Яғни, бір нәрсенің дұрыс екенін біліп тұрып, сол нәрсені жасауға шешім қабылдай алмай, бір себеп күтіп жүреміз. Мен декүтіп жүрдім, көп ұзамай себеп те табылды. Не керек, жұмыс барысында 9 м биіктіктен құлап, аман қалдым. Бір ай тұра алмай жаттым. Құймышағыма зақым келіпті.
Бірақ мені құдай сақтады. Менің кәсіп жолына түсуіме себеп болған жағдайлардың бірнешеуі осы болды...
Үйге келіп, ата-анама жұмыстан шығатынымды түсіндірдім. Әуелде қарсы болды. Бірақ, көндірдім. Алматыға жол тарттым. Неге Алматы дейсіз? Себебі кәсіптің ортасы, дамудың ортасы, білім ортасы - Алматы. Келе сала бірден кәсіпкер болып кетпедім.) Бастапқыда спортзалда администратор болып жұмысқа тұрдым. Қосымша іздене жүрдім. Сөйтіп, Facebook парақшасын ақтарып отырсам, Ахметбек ағайдың мастер-классы жайлы жарнама шықты. Ойланбай бардым.
ҚазҰУ калашығындағы кызыл залда болды. Зал лық толы. Сондай керемет тың жаңа ақпараттар естідім. Сабақ бойы "мына кісі айтып жатқан дүние - болашақтың мамандығы» деген ой басымнан кетпеді. Бірнеше күн өткен соң курс басталатын болды, ойланбай жазылдым. Ол Бизнес Бастаудың бірінші ағымы болатын. Курсқа келіп, тағы көптеген кәсіпке қатысты өте пайдалы ақпараттар алдым. Ертесі күні ББ-ның офисына барып, ағайдың алдына кірдім де : «Не істе десеңіз істеймін, маған ештеңе қажет емес, тек мені командаңызға алыңыз, заманауи білімді игергім келеді, істегенім сізге жақсы, үйренгенім маған жақсы», - дедім нагло) Ағай бастан аяқ бір шолып қарап, рұқсатын берді.) Содан бері ағайдың қасында жүріп, ағайдың білімін, тәжірибесін өз бойыма барынша сіңіріп келе жатырмын. Тек қана кәсіпке байланысты емес, жалпы, өмірге де қажетті сабақтар алып келемін.
Қазіргі таңдағы Бауыржан мен төрт жыл бұрынғы Бауыржанды мүлде салыстыруға келмейді. Осында жүріп үйлендім, үй болдым, басымда үйім, астымда көлігім, жалпы бір жігітке керек қажеттіліктің бәрі бар. Шүкір деп айтайын, алдағы уақытта Ағаймен бірге біраз жоспарлар құрып, соған талпынып келе жатырмын. Ағайдың қазіргі таңдағы бар іс-әрекеті - қаракөз қазақ қандастарымыздың барынша барлығының кәсіпке, салауатты өмір салтына, жалпы, өмір сүруге деген көзқарасын оң бағытқа өзгерту болып табылады. Ал, менің миссиям - ағайдың жанында жүріп, миссиясына ат салысу. Себебі білетінім - ағайдың айтқаны толығымен орындалады.
P.s. Инста парақшаны жүргізудің маңыздылығын түсініп, қолға алып жатырмын. Бастапқыда уақытымды қимап едім. Енді уақыт ажыратып, пайдалы білімдермен, маркетингтегі соңғы құралдармен бөлісіп отыратын боламын. Егер жазбам ұнаған болса, лайк басып, өз ойыңызбен бөліссеңіз.) Ал басында уәде еткенімдей, егер осы постымды жай ғана репост жасап және үш досыңызды белгілеп қоятын болсаңыз, менің атымнан Аламанға катысуға 30 % жеңілдікке ие бола ал